Семей өңірінде із-түзсіз жоғалып кеткендер саны азайып келеді.

09:59, 10 қаңтар 2017

Бұл туралы Ішкі істер басқармасында өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 2016-жылы қаламызда хабарсыз кеткен 161 адамның 152-сі табылған. Полиция қызметкерлері әлі күнге дейін 9 азаматтың қайда екенінен хабарсыз. Кейінгі 10 жылда өңірімізде 39 адам хабар-ошарсыз кеткен. Сонымен қатар, өткен жылы адамды құлдыққа алу бойынша ешқандай факті тіркелмеген. Азаматтардың хабарсыз кетуіне тұрмыстық жанжал, туыстарымен тіл табыспау сынды көптеген жайттар себеп болады, - дейді тәртіп сақшылары. Өткен жылдары балалар үйінен, ауруханадан өз еркімен кетіп қалу оқиғалары да тіркелген. Олардың барлығы табылған. Басқосуда айтылғандай, бұрын жоғалған адамды іздестіру шарасы 3 күн өткеннен кейін қолға алынатын. Қазір ешқандай шектеу жоқ. Баспасөз мәслихатында жария етілген ақпараттың бірі - туыс ағасының өтініші бойынша, биыл 1996-жылы хабарсыз кеткен Ержан Сүйінжановтың ісі қайта қозғалды. Айта кетерлігі, 20 жылда кешенді шұғыл-іздестіру шаралары жүргізілгендігі белгілі. Бұл жұмысқа Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан құқық қорғау органдары да тартылған. Бұған қоса, 1996-жылы «Сосна» санаторийінде емделген 15 адамның 7-нен сұрақ-жауап алынған. Басқа қалаларда тұратын 8-мен де осындай жұмыстар жүргізілмек.САЯТ САРТОВ ІІБ ІЗДЕСТІРУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ ӨКІЛЕТТІ УӘКІЛІ «Ол кезде олар 5 пен 10 жас аралығындағы балалар болған. Қазір көбінің отбасы бар. 25-30-ға келген адамдар. Осы 15 азаматпен тығыз қарым-қатынас орнатып, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол кездегі оқиға олардың есінде қалуы мүмкін. Бала болғаннан кейін уақытында айта алмаған шығар деген ойымыз бар».

Тақырып бойынша материалдар

Сауда орталығындағы көшпелі кітап көрмесі.
15:50, 23 ақпан 2018
Сауда орталығындағы көшпелі кітап көрмесі.
Толығырақ...
Қарулы күштер қатарына тіркеу жүріп жатыр.
15:47, 23 ақпан 2018
Қарулы күштер қатарына тіркеу жүріп жатыр.
Толығырақ...
Малды есепке алудың жаңа әдістері енгізілмек.
15:44, 23 ақпан 2018
Малды есепке алудың жаңа әдістері енгізілмек.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тарбағатайда агроном, математика, физика және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері жетіспейді.
15:06, 19 ақпан 2018
Тарбағатайда агроном, математика, физика және ағылшын тілі п...
Толығырақ...
Ж.Бәзенұлы атындағы физика-математика олимпиадасы өтті.
14:51, 22 ақпан 2018
Ж.Бәзенұлы атындағы физика-математика олимпиадасы өтті.
Толығырақ...
Семейдегі автобустарға электронды билет енгізілмек.
15:05, 19 ақпан 2018
Семейдегі автобустарға электронды билет енгізілмек.
Толығырақ...