ШҰҒЫЛ! ЖАРЫҚ ПЕН СУЫ ЖОҚ КЕНТТЕР. Толығырақ

Семейде көпқабатты үй құлады деп жалған ақпарат таратқан тұрғын сотталып, 2 жарым жылға бас бостандығы шектелді.

10:20, 11 қазан 2017

«Жедел төтенше жағдай. Қазақстан. Семей» деген жазуы бар мына бейнеролик қоғамда қызу талқыға түсіп, үш күн ішінде ғаламторда жүздеген мың адам көрген. Алайда, материалдың бірнеше жыл бұрын Ресейде түсірілгендігі анықталды. Семей тұрғыны Артем Полюхқа бұл видео 24-мамырда ғаламтор арқылы келген. Ол оны Ютубқа жариялап жіберіпті. Полиция жалған ролик авторын үш күннен кейін анықтады. Бүгін осы іске байланысты сот отырысы өтті. Ер адамды   Қылмыстық Кодексінің 274-бабы бойынша, «Көрнеу жалған ақпарат таратқаны үшін» жауапқа тартты. Артем Полюх 2 топтағы мүгедек. Еш жерде жұмыс істемейді. Отбасында кәмелетке толмаған екі баласы бар. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖГЕ 115 ЖЫЛ.
15:38, 24 қыркүйек 2018
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖГЕ 115 ЖЫЛ.
Толығырақ...
СЕМЕЙЛІКТЕР ВЕЛОЖАРЫСТАН СЫНҒА ТҮСТІ.
15:22, 24 қыркүйек 2018
СЕМЕЙЛІКТЕР ВЕЛОЖАРЫСТАН СЫНҒА ТҮСТІ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЯГӨЗДЕ АУДАН КҮНІ АУҚЫМДЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.
15:46, 18 қыркүйек 2018
АЯГӨЗДЕ АУДАН КҮНІ АУҚЫМДЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.
Толығырақ...
БАС ПЕН МОЙЫН ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТУДЕ.
15:27, 18 қыркүйек 2018
БАС ПЕН МОЙЫН ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТУДЕ.
Толығырақ...
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КАРТАСЫ ЖАСАЛУДА.
15:36, 19 қыркүйек 2018
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КАРТАСЫ ЖАСАЛУДА.
Толығырақ...