Семейде медиацияның дамуы шеңберінде семинар ұйымдастырылды.

14:46, 17 наурыз 2017   131

Еліміздің Жоғары Сотының бастамасымен ағымдағы жылдан бастап сотқа дейінгі міндетті медиация шеңберінде ымыраласу шараларын кеңейтуге бағытталған қанатқақты жоба қолға алынды. Жаңа жобаның қағидаларын түсіндіу мақсатында қаламызда семинар ұйымдастырылды. Семей қалалық соты мен халықаралық құқық қорғау орталығы өткізген шараға нотариустар, заңгерлер, медиаторлар, мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қатысты. Елімізде медиация жүйесі 5 жыл бұрын енгізілген. Осы уақыт аралығында сотқа дейінге құқықтық дауларды медиаторлардың қатысуымен реттеу тәжірибесі өз тиімділігін көрсетті. Азаматтар арасындағы заңдық қайшылықтар көп жағдайда отбасы мен еңбек қатынастарында және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болып жатады. Семинар барысында халықаралық құқық қорғау орталығының президенті Жанділдә Жақыповтың атап өткеніндей, енгізіліп отырған жаңалық, азаматтардың сотқа жүгінбес бұрын медиатордың қызметін пайдаланып, сотқа дейін жанжалды реттеуіне мүмкіндік береді. Осылайша соттан тыс ымыраласу тұрғындар үшін мемлекеттік баж салығын төлеуде қажетсіз шығындарға жол бермей, процесске қатысушылардың сот шығындарын азайтуға көмектеседі. Бұл өз кезегінде кейбір азаматтық істер санатындағы жүктемені азайтуға мүміндік береді,- дейді судьялар.

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16