Семейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты әр тұрғынның мәртебесін анықтау жұмыстары толық аяқталды.

16:47, 11 қазан 2017

Семейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты әр тұрғынның мәртебесін анықтау жұмыстары толық аяқталды. Бұған қоса ақпараттық-түсіндірме жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылып, түрлі мекемелер үшін тақырыптық бейнероликтер мен 30-дан астам билборд жасалған. Сондай-ақ,14 мыңнан астам ақпараттық парақшалар таратылған. Бұл туралы атқарылған шаралар мен ой-пікірлер ортаға салынған дөңгелек үстел барысында айтылды. Жаңа жүйені жүзеге асыруда медициналық мекемелер мен болашақ дәрігерлер даярлайтын білім ошақтары белсенділік танытуда. Мамандардың пікірінше, әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру әлемде ұзақ жылдар бойы сұрыптаудан өтіп, тиім­ділігін дәлелдеген жүйе. Оны енгізу ар­қы­лы ең алдымен, медицина саласына бөлінетін қаржыны көбейту көзделіп отыр. Қаржы көбейсе, денсаулық саласындағы бірталай мәселе шешіліп, қызмет көрсетудің сапасы артады деген үміт бар. Сондай-ақ, тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту жұмыстары да жөнге келтірілмек.

Тақырып бойынша материалдар

«Тәуелсіздік. Астана. Мәңгілік ел».
15:00, 13 желтоқсан 2017
«Тәуелсіздік. Астана. Мәңгілік ел».
Толығырақ...
Семейде ата-аналық құқынан айыру фактілері көбейген
14:58, 13 желтоқсан 2017
Семейде ата-аналық құқынан айыру фактілері көбейген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Соңғы уақыттары қалада қалта ұрлығы мен алаяқтық көбейген.
17:25, 8 желтоқсан 2017
Соңғы уақыттары қалада қалта ұрлығы мен алаяқтық көбейген.
Толығырақ...
Семейде қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
17:01, 8 желтоқсан 2017
Семейде қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Толығырақ...
Семейліктер өңірлік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған пәтерлері сатып алуға асығар емес.
14:21, 7 желтоқсан 2017
Семейліктер өңірлік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы бойынша...
Толығырақ...