Семейде жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққандар саны артқанмен, ол қалыпты деңгейден асқан жоқ.

Бұл туралы науқастар санына мониторинг жүргізіп отырған эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары мәлімдеді.

15:17, 11 қаңтар 2017   321

Медициналық және әлеуметтік мекемелерде бет перде кию міндеттеліп, ауруларға келуге шектеу қойылған. Қаңтардың басынан қалалық 2-ауруханада тұмау дертіне шалдыққандар үшін қосымша 20 орын дайындалған. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімі мамандарының айтуынша, желтоқсанға дейін қаламызда тұрғындардың 10 пайызы немесе 34 мыңнан астам адам тұмауға қарсы егілген. Оның 14 800-і жергілікті бюджеттен қаржыландырылған. Бүгінгі таңда зертхана көмегімен тұмау дертіне шалдыққандарды анықтау тіркелген жоқ. Десек те, жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққандар тарапынан жедел медициналық көмекті шақырту жиілеген. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа жылдық мереке күндері шақыртулар көп болған. Осыған байланысты, 7-қаңтардан жедел жәрдем көмегіне қосымша 3 фельдшер бригадасы жұмылдырылды. ЭЛЬВИРА ГАТАУЛЛИНА ОРТАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК СТАНЦИЯСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Шақыртулардың 30 пайызын жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққандар құрайды. Науқастардың ыстығы көтеріліп, жөтел мазалаған. Олардың арасында ересектер де, балалар да бар. Шақыртулардың көптігінен медициналық көмектің кешігуі де тіркелді. 5-6 сағатқа дейін кешіккен бригадалар болды. Жол-көлік оқиғасы, оқыс жағдайлар мен өрттен зардап шеккендерге, уланғандарға бірінші кезекте көмектесіп жатырмыз. Сондықтан босаған бригадалар бірден ыстығы көтерілгендерге жіберіледі».   КҮЛӘШ ЖҰМАГЕЛДИНА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ  «Семей қаласында жедел респираторлық вирустық жұқпа бақалау деңгейінен шегі жоғарылаған жоқ. Былтыр да осы кезде осындай жағдай болған болатын. Отыз пайызға жоғарылағаны анықталып отыр былтырғы жылмен салыстырғанда». 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16