Семейдің 30 тұрғынын алдап соққан ақтөбелік әйел 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

14:19, 16 мамыр 2017   159

45 жастағы Гүлзара Шоранова 2014 жылдың қараша айында Ақтөбеде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, құрбысымен бірге «tulpar.million888.com» деген атаумен веб-сайт құру арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырып, жетекшілік етеді. Ол салымшыларға оңай ақша табуға уәде берген. Нәтижесінде Ақтөбе қаласы тұрғынының жеке шотына 71 жарым млн.теңге жинақталған. Оның 8 млн.теңгесі алданған семейліктердің қаражаты. 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16