ШҰҒЫЛ! Бейнемонтажер талап етіледі. Толығырақ

Семейліктер өңірлік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған пәтерлері сатып алуға асығар емес.

14:21, 7 желтоқсан 2017

Семейліктер өңірлік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған пәтерлері сатып алуға асығар емес. Оған баспана шаршы метрінің қымбаттығы мен несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы себеп. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімовтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды. 2017-19 жылдардың бюджетіндегі өзгерістерді талқылаған депутаттар, өңірлік бағдарлама аясында тұрғын үйлер құрылысына жұмсалған қаржыны қала қазынасына қайтару керектігі жайлы мәселе көтерді. Олардың ақпаратынша, бүгінде Семейде 230-дан астам жаңа пәтер сатылмаған. Жылжымайтын мүліктерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 9,5 пайызбен сату тиімсіз болып отыр. Қаржы институты филиалы жетекшісінің  келтіруінше, тұрғындар шаршы метрі 140-155 мың теңге болатын жаңа пәтерден гөрі, ескі баспананы сатып алғанды жөн көреді. Банк қызметкерлерінің болжамынша, биыл олар бюджетке 200 млн.теңге шамасында ғана пайда әкелмек. Қалған пәтерлер алдағы жылы сатылмақ. Қалыптасқан жағдайға байланысты қала басшысы банктің орталық кеңсесімен бірлесіп, пайыздық мөлшерлеме мен шаршы метр бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізуге ұсыныс білдірді. Шығыс Қазақстан облысында ғана жүзеге асып жатқан өңірлік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының операторына жаңа пәтерлердің құнына әсер ететін бірқатар факторларды ескеру қажет. 

Тақырып бойынша материалдар

АМАНОЛЛА РАМАЗАНОВҚА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ.
20:46, 22 маусым 2018
АМАНОЛЛА РАМАЗАНОВҚА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІКТЕР МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.
22:03, 18 маусым 2018
ҮЗДІКТЕР МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.
Толығырақ...