Таяуда қаламызда жолаушылар тасымалы бағытына өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ жолаушылар көліктерін басқару орталығының жұмысын жандандыру жоспарлануда. Осылайша, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі Семейдегі қоғамдық көліктердің жұмысын жақсартпақ ойда. Бұл бағытта айтылар сын азаймайтындықтан, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, тасымалдаушылардың қатысуынсыз бас қосты.

09:59, 1 шілде 2016   1464

Қаламызда жолаушы тасымалдаумен айналысатын 6 мекеме бар. Алайда, ешқайсысы қоғам өкілдерімен кездесуге келген жоқ. Олардың барлығы үшін жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов жауап берді. Оның айтуынша жолаушы көліктерінің бағыттар жүйесі оңтайландырылмақ. Бұл бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқанымен, қоғамдық көлік жұмысы жақсармады. Бұрынғыша шеткі аудандар мен саяжайларда автобустар жетіспейді,тасымалдаушылар жұмыс кестесін бұзып, жүріп жүрген бағытын тастап, жұмыстан ерте кетіп қалады. Кешкі 8-ден кейін автобустың жүрмейтініне тұрғындардың еті баяғыда үйренген.

СНХ   ЗУЛЬФИЯ  ЖАМАЛТДИНОВА – ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

Оларды бағыттардан шығарыңыздар. Тиімді тиімсіз бағыттарға төзетін, тендер шарты бойынша жұмыс істейтіндер келеді. Яғни,автобустар толған таңертеңгі сағат 8-ден, мүлде халық болмайтын кешкі 8-ге дейін жұмыс істейтіндер. Бастысы тұрғындар автобустардың жүретінінен хабардар болады.

Әзірге жолаушылар тасымалында бақылау жоқ. Көптеген жылдар бойы тасымалдаушылар тұрғындарды, әкімшілік пен жолаушылар тасымалы басқармасы орталығын өз дегендеріне көндіріп келеді. Соңғысы, тасымалдаушылармен келісімшарт жүзінде жұмыс істейді және қаржылай оған тәуелді. Орталық жұмысшылары 2015 жылдың қарашасынан бері еңбекақыларын алмаған. Белгілі болғандай, ережеге сай басқару орталығын қалалық бюджет есебінен қаржыландыруға болмайды.

Қазірде әкімшілік орталықты тасымалдаушылардан алып, оған бастапқы бақылау міндетін қайтаруды іздестіруде,-дейді Нұрлан Серғазинов. Сондай-ақ,оған қалааралық жолаушылар тасымалын ішінара беру де қарастырылуда.

СНХ НҰРЛАН СЕРҒАЗИНОВ –ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Біз қазір ол мәселені талқылаудамыз. Әрі қарай қалай жұмыс істейміз, штат қандай болады? Яғни онда біз оны тәуелсіз етеміз. GPS бағдарламасын орнатқанда бұның барлығын оған береміз. Біз қазір аталмыш бағдарламаны қаржыландыруды сұрап отырмыз. Берген жағдайда ол ақшаны дұрыс жұмыс істеулері үшін, тағы да жолаушылар көліктерін басқару орталығына береміз.

Қазіргі тасымалдаушыларға муниципалдық парк балама болады деген болжам бар. Оның мәселесін 2018 жылы Еуропалық даму және қайта құру банкінен несие алу арқылы шешу көзделген.

СНХ НҰРЛАН СЕРҒАЗИНОВ –ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Біз банкке 83 автобусты шығару үшін 2,1 млрд. теңгеге өтінім бердік. Оның 40-ы үлкен автобус болады. Яғни, жолаушы тасымалдаушыларға бірден бәске тудырамыз. Қалғаны орта және кіші көліктер.

Кездесу қорытындысы бойынша, қоғамдық кеңес мүшелері әкімшілікке хат жазуды жоспарлап отыр. Онда әлеуметтік бағыттар құру, сондай-ақ қаржы тапшылығынан жөндеу жұмыстары созылып келе жатқан Мичурин және өзге де көшелерде уақытша аялдама жасау туралы айтылмақ. Бұған қоса,қоғам өкілдері аялдамалардағы автобус пен бағыттар көрсетілген тақтайшаларды жаңарту туралы ұсыныс білдіруде. Нұрлан Серғазинов бағыт желісін оңтайландыруға дайындық жұмыстарын дүйсенбіден бастауға уәде берді. Қоғамдық кеңес мүшесі Зульфия Жамалтдинова бұл жұмысқа тұрғындардың тиісті өтініштерін жинау үшін, блогерлерді қосуды ұсынды.

С.Б. Е.М. – СНС 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16