«Туға қарап сап түзе!».

16:08, 19 мамыр 2017   83

Мектептердегі ту ұстаушы топтар арасында қалалық сайыс өтті. Шара «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 5-ші қалалық жиыны аясында ұйымдастырылды. Байқау Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығына арналған. Оған қала мен қалаға қарасты 42 мектептен 250-ден астам оқушы қатысты. Жарыс барысында әділқазылар алқасының құрамындағы Шығыс өңірлік қолбасшылығының әскерилері сайыскерлердің топтық бағдарламаны орындауын, сапта дұрыс қадам басып жүруін, бірыңғай киім үлгісінің болуын бағалады. 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16