Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мамандары тұрғындарға ғимарат жанынан өткенде сақ болуды ескертеді.

15:18, 18 наурыз 2017   178

Көктем келіп, күн жылынысымен шатырлардағы қар ери бастайды.Түнгі уақытта қатып, мұз сүңгілеріне айналады. Адам өміріне қауіпті мұздарды көргенде коммуналдық қызметтерге хабарласу керек,- деп ескертеді төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері. Немесе 112 телефонына қоңырау шалу қажет. Мұз сүңгілері шатыр бұрыштарындағы суағарларда көп болады. Сондықтан ғимараттың бұл тұстарында аса абай болған жөн. Бұған қоса, осы мезгілде нысан жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың тайғанақ болатындығын да ескеру қажет. Қалың мұз әсіресе сүңгілер астында пайда болады. Сол себепті мүмкіндігінше нысанға жақын жүрмеуге тырысу керек. Дегенмен, жолмен жүріп келе жатқанда жоғарыдан қандай да бір дыбыс естісеңіз, тоқтап, төбеге қараудың қажеті жоқ. Бұл өміріңізге өте қауіпті. Шатырдан қар немесе мұз құлауы мүмкін. Мұндай кезде мейлінше қабырғаға жақын болуға тырысыңыз, себебі шатырдың күнқағары сізді қауіптен сақтап қалуы мүмкін. Осындай келеңсіз оқиғалардың алдын- алып, қауіпті мұз сүңгілері пайда болмас үшін, шатырларды дер кезінде қардан тазартып отырған жөн, - дейді мамандар. 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16