Түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары ширап келеді.

14:30, 17 мамыр 2017   79

Бұл жөніндегі шаралар Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» 33-қадамында кеңінен айтылған. Жасырары жоқ, бүгінгі таңда мерзімін өтеп шыққандар үшін «екі қолға бір күрек табу» оңай емес. Сондықтан, аталған мекеме қызметкерлері пробация қызметімен бірлесе бұл мәселені оң шешуде белсенділік танытып келді. Данияр Алханов 2010-жылы Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айрылады. Қазір ол түзету мекемесінде жақсы тәртібімен көзге түсіп, дұрыс жолға түсуді мақсат етіп отыр. Барлық материалдарды ескерген сот органдары оны шартты түрде босату туралы шешім шығарған. Мұндай азаматтарды еңбекке тартудың қиыншылығын ескерген пробация қызметі мен жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері Даниярмен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нақтырақ айтқанда, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясындағы тиімді тетіктер жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда мұнда жазасын өтеушілер үшін жұмысшы мамандықтарды игеруге барлық жағдай қарастырылған. Бұл – болашақта олар бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуына оң ықпал етпек.

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16