Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмысымен танысты.

14:45, 17 наурыз 2017   256

Дарынды балаларға арналған білім ордасы былтыр жыл соңында пайдалануға берілген. Бақытжан Сағынтаев мектеп ғимаратындағы өзін-өзі тану, нанотехнология, биотехнология кабинеттері мен кітапхана, асхана, қыш құмыра жасау шеберханасында болды. Мектеп директоры Бағдан Қайыржанов оқу орнының жетістіктері туралы айтып берді. Мұнда 720 оқушыға арналған негізгі оқу корпусы, 120 орындық жатақхана бар. Бұл шалғайдағы ауылдардан келген дарынды балаларға интернатта тұрып, оқуға мүмкіндік береді. Мектеп жұмыс істеп тұрған 7 жыл ішінде 466 түлек бітірген. Олардың 34-і «Алтын белгі», 22-і үздік аттестат иегері. Мектеп түлектері оқуларын елімізбен қатар, шетелдік жоғары оқу орындарында жалғастыруда. Бүгінде Назарбаев университетінде 156 түлек, өзге қазақстандық жоғарғы оқу орындарында – 283, шетелде – 26 түлек білім алуда. Үкімет басшысының оқу орнымен танысуы барысында облыстық әкімшілік басшылығы үштілділікті дамытудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат берді. 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16