«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы қолға алынған 5 жыл ішінде Семей өңірінде 1,5 млрд.

Теңге шамасында шағын несие берілген.

15:12, 11 қаңтар 2017   93

Мемлекеттік қолдауға 700-ден астам адам ие болып, түрлі салада кәсібін ашқан. Ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес, былтыр қала тұрғындарының да бағдарлама аясында үкіметтік қолдауды пайдаланып, кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік туды. Қала тұрғыны Алдияр Бейсенбаев былтыр оқу орнын бітіргенімен, мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Отбасымен ақылдаса келе, мал бордақылау алаңын ашып, кәсіппен шұғылдануға бел шешеді. АЛДИЯР БЕЙСЕНБАЕВ- «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020» ЖОЛ КАРТАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫ  «Ата-анаммен теледидардан «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы туралы естіп, жұмыспен қамту орталығының мамандарынан кеңес алдық. Құжат жинап, кәсіпкерлік негіздері бойынша курс оқыдым. Бұдан кейін несие рәсімдеуге көмектесті». Осылайша, 3 млн. теңге қаражатты 4 жарым жылға 6 пайызбен рәсімдеген. Шағын несиеге 16 бас асыл тұқымды ірі-қара сатып алып, бүгінде бордақылап отыр. 2 адамды жұмысқа алып, кәсібін бастаған Алдияр малдарын көктемге дейін семіртіп,  сатып қаражатты айналымға жіберсем дейді. Шаруаны дамытуға өмір бойы ауылшаруашылығында еңбек еткен әкесі қолқабыс етуде. ӘДЕБИЕТ БЕЙСЕНБАЕВ – А.БЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ӘКЕСІ«Елбасына рахметімізді айтамыз. Жастарға осындай бағдарлама, ұсыныс бергеніне. Ауылшаруашылығын өркендетіп, өсіруді қолдаймыз. Жастарға ақылымызды айтамыз». Былтыр «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, алғаш рет қала тұрғындары да бағдарлама аясында үкіметтік қолдауды пайдалануға мүмкіндік алды. Кәсібін бастамақ болғандардың арасынан 2 адамның жобасы құпталған.  ЕРБОЛАТ ТӨЛЕУБАЕВ –ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ ЖӘНЕ ҚОНЫС АУДАРУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ «Қалалық кәсіпкерлерге де осы бағдарлама арқылы шағын несие алуға рұқсат берілген. Бөлінген соманың 20 пайызына дейін. Нәтижесінде 2 адам, қалалық кәсіпкерлер қатынасып отыр біздің бағдарламаға. Бір жоба, өзіміз көрген мал бордақылау алаңын ашып отыр. Екінші жоба, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы. Ол жоба ақшасын игеру үстінде». «Жұмыспен қамту 2020» жол картасының екінші бағыты бойынша, былтыр  барлығы 32 адамға 86,7 млн. теңге шағын несие берілген. Оны негізінен ауыл тұрғындары алған. Жұмыспен қамту орталығының мәліметіне қарағанда,  Абыралы өңірінің тұрғындары жылқы сатып алса, қалаға жақын маңдағы ауыл халқы сүт бағытындағы ірі-қара малға басымдық берген. Нәтижесінде 56 адам жұмыспен қамтылған.

Рысгүл Мадвасова, Қайрат Қожахметов Семей жаңалықтар қызметі

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16