Жыл басынан бері Семей қаласының №2 сотымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты 12 қылмыстық іс қаралды

11:13, 12 қыркүйек 2017

Олардың басым көпшілігі пара беру мен алу және арада делдал болу санатындағы қылмыстарды қамтиды. №2 қалалық соттың судьясы Ибрагим Әлкеновтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен көбіне лауазымды тұлғалар айналысады. Өздерінің лауазымын пайдалана отырып, өзге тұлғаларды пара беруге итермелейді. Сондай қылмыстық істің бірі Шүлбі кентіндегі психиатриялық жүйке аурулары ауруханасында орын алған. Сотталған азамат аталмыш аурухананың бөлім меңгерушісі қызметінде жұмыс істеген. Қызмет бабын пайдаланып, сотталуға жатпайтын адамдарға әрі қарай емдеуден босату туралы мінездеме жазып беруі үшін ақша сұраған көрінеді. Бөлім меңгерушісінің бұл әрекеті туралы ақпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органына түскен. Қазірде ол ҚР қылмыстық Кодекстің  бірнеше баптары мен тармақтары бойынша сотталды.

Тақырып бойынша материалдар

Абай кітапханасында «Ел. Елбасы. Елорда» тақырыбында кітап көрмесі ашылды.
15:05, 24 қараша 2017
Абай кітапханасында «Ел. Елбасы. Елорда» тақырыбында кітап к...
Толығырақ...
Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының белді дәрігерлері Семейде 5 операция жасады.
15:04, 24 қараша 2017
Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының белді дә...
Толығырақ...
Семейде «Мамандығым - болашағым» атты жұмысшы жастар форумы өтті.
15:02, 24 қараша 2017
Семейде «Мамандығым - болашағым» атты жұмысшы жастар форумы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Семейде Нұрсұлтан Назарбаев атты студент оқиды.
14:40, 22 қараша 2017
Семейде Нұрсұлтан Назарбаев атты студент оқиды.
Толығырақ...
Семейде пара алған білім бөлімі жетекшісінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты.
14:39, 22 қараша 2017
Семейде пара алған білім бөлімі жетекшісінің орынбасарына қа...
Толығырақ...