Қаламызда мемлекеттік қызметкерлер арасындағы XVI дәстүрлі спартакиада өтуде.

13:42, 14 қаңтар 2016

Спорттың 9 түрінен өтіп жатқан жарыс аясында қатысушылар үстел теннисінен мықтыларды анықтауда. Бұл жолғы спорттық шараға құқық қорғау органдарынан 5, әкімшілік қызметкерлерден 7 команда қатысуда.

Дәстүрлі спартакиадаға мемлекеттік қызметкерлердің қызығушылығы артып келеді. Бұл түрлі құрылымдар арасындағы қарым-қатынастың нығайып, көпшіліктің спортқа ден қойып келе жатқандығының дәлелі, - дейді мамандар. Бұған дейін 6 спорт түрінен үздіктерді анықтаған қатысушылар, енді 2 күн бойы үстел теннисінен бақтарын сынамақ. Одан кейін шаңғы жарысы мен Президенттік көпсайысқа дайындық басталады.Үстел теннисі шыдамдылық пен ептілікті қажет ететін спорт түрі. Сондықтан бұл жолғы жарысқа әр команда тыңғылықты дайындықпен келіпті. Олардың арасында әкімшіліктегі құрылымдық бөлімдер де бар. Айта кетерлігі, өткен жарыстардың қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары арасында ҰҚК ШҚО департаменті қалалық басқармасының командасы алда келеді. Ал мемлекеттік кірістер басқармасының спортшылары әкімшілік қызметкерлер командалары арасында топ бастап тұр. 

Тақырып бойынша материалдар

Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
09:54, 25 желтоқсан 2017
Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
Толығырақ...
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
14:40, 20 желтоқсан 2017
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
15:11, 30 наурыз 2020
СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
20:04, 26 наурыз 2020
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
Толығырақ...