Маусым айының 20-ы мен 25-і аралығында Көкшетау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтті.

13:41, 1 шілде 2016

Жарыста семейлік Андрей Москалев пен Ольга Любашова бірінші орын алды. Жеңіспен оралған жерлестеріміз жаңа жарыстарға дайындық үстінде.

Андрей Москалев 2000 жылы өндірістік жарақат алып, көз жанарынан айрылады. Қайғылы оқиға қатты әсер еткен ол, 10 жыл бойы үйден шықпай тұйық өмір сүреді. Былтырдан бері зайыбы екеуі өзге де көз жанарынан айрылған мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге спорт клубқа барып, пауэрлифтингпен айналыса бастайды. Үнемі жаттыққанның арқасында , зілтемірді жатып көтеру түрінен республика чемпионы атанады. Андрей мүмкіндігі шектеулі жандардың сауығуы адамның өмірге деген құлшынысына байланысты екенін айтады.

АНДРЕЙ МОСКАЛЕВ – І ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК

Орысша: «Ең бастысы жабырқамау қажет. Кез-келген спорт түрімен айналысуға болады. Ал үйде отырсаң, адамға психологиялық жағынан да оңай емес. Біз қазір тату бір отбасындаймыз. Барлығымыз спорт залға жиналамыз. Чемпионаттан келген кезде бәрі келіп, құттықтады. Көңіліміз марқайып қалды»

Андрейдің спортқа деген қызығушылығын зайыбы Ольга Любашова да қолдаған. Ол апат салдарынан 18 жасында көз жанарынан айрылған. Жұбайымен бірге жаттығуға бірге келіп жүріп, Ольга да пауэрлифтингтен айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Таяуда өткен ел чемпионатында ол, 45 келі салмақта павлодарлық қарсыласын жеңген.

ОЛЬГА ЛЮБАШОВА - І ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК

Орысша: «Мен ел чемпионатына бірінші рет бардым. Өзім сынды мүмкіндігі шектеулі жандармен танысып, араластым. Сонда ойға түйгенім, үйде отырып, жабырқаудың қажеті жоқ. Керісінше, үнемі қозғалыста болған жөн. Мен барлық адамдарға спорт клубтарға барып, сүйікті спорт түрімен айналысыңыздар дегім келеді»

Түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген Андрей мен Ольга жеңіске жетулеріне спорт залда тегін жаттығуға мүмкіндік берген клуб жетекшісінің де қосқан үлесі зор екенін айтады. Ерлі-зайыптылар болашақта ел намысын халықаралық деңгейде қорғауды армандайды.

 

Р.М Самат Секенов, Елжан Мағзұмов СЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
09:54, 25 желтоқсан 2017
Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
Толығырақ...
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
14:40, 20 желтоқсан 2017
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
15:11, 30 наурыз 2020
СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
20:04, 26 наурыз 2020
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
Толығырақ...