Мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік көбіне әлеуметтік салаларды қамтиды.

14:44, 26 шілде 2016

Осылайша, өкімет кәсіпкердің дамуына жағдай жасайды. Ал кәсіпкер табыс тауып, қолдауды қажет ететін саланы жақсартуға ықпал етеді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Семейде Street Workout алаңы ашылды. Оны жергілікті кәсіпкер Айдос Серікқалиұлы спортшыларға сыйға тартқан. Алаңның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ермак Сәлімов, бизнес өкілдерінің осындай әлеуметтік жобаларға қолдау көрсеткеніне ризашылығын білдірді.

Street Workout осыдан 20 жыл бұрын пайда болып, бүгінде әлем бойынша жастардың арасында қарқынды дамып келе жатқан спорттың түрі. Семейде онымен шұғылданатын жастар көп болғанымен, арнайы дайындық өткізетін жерлер мүлдем жоқ.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВ БЕЛСЕНДІ

 «Ең басты мақсат-осы қаламыздың жастарын спортқа баулу. Көшеде босқа жүрмей осындай арнайы жерлерге келіп, спортпен айналысса. Және де өздерінің өсіп келе жатқан бауырларына, сіңілілеріне жақсы үлгі болып, әрі қарай осы қаламызда спортты дамытып, мықты әрі күшті жастарды тәрбиелейді деген ойдамын»

Қаланың «Түйемойнақ» аралындағы бос жерге 7 миллион теңгеге жуық қаржыға гимнастикалық алаң орнатылған. Мұнда белтемірлер, сатылар мен гимнастикалық снарядтардың түр-түрі бар. Бір атап өтерлігі, Семейде көше спортымен айналысатын команда 2 жыл бұрын құрылған. Қазір қаламызда шамамен 40-қа жуық адам осы спортпен шұғылданады.

АСХАТ САЛЫҚОВ –СПОРТШЫ

 «26-шілде – біз үшін ерекше күн. Себебі, бүгін қаламызда біз айналысатын спорт түріне арналған алаң ашылып отыр. Өте қуаныштымыз. Бұл спорт адамға өте пайдалы. Басқаларына қарағанда жарақат алу қауіптілігі аз»

Street Workout алаңы Семейде әзірге жалғыз ғана. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында белсенділер, қалада тағы 12 жерде осындай алаңдарды құруды жоспарлап отыр.

 

Р.М.Ержан Жақып, Серік Нұртаза СЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
09:54, 25 желтоқсан 2017
Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
Толығырақ...
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
14:40, 20 желтоқсан 2017
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
15:11, 30 наурыз 2020
СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
20:04, 26 наурыз 2020
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
Толығырақ...