Семейде 13-шілдеде жалауын көтерген «Coca Cola Былғары доп» республикалық турнирі мәресіне жетті.

13:39, 21 шілде 2016

Биыл 10-рет қолға алынған жарысқа еліміздің әр өңірінен 16 команда қатысты. 2005-2006-жылдары туған жас футболшылардың басын қосқан дүбірлі доданың қорытындысы жөнінде келесі бейнематериалымызда.

Аталған турнир елімізде 2006-жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Дүбірлі дода сол жылы «Балалар мен жасөспірімдер футболының әлем бойынша дамуына қосқан үлесі бар ең маңызды оқиға» атты УЕФА-ның дипломымен марапатталған. Өскелең ұрпақты спортқа баулып, талантты жас футболшыларды іріктеуге бағытталған республикалық шараға Қазақстан футбол федерациясы да қолдау көрсетуде. Жарысқа қызығушылық танытқандар саны да жыл санап артып келеді.

СНХ орысша: ИГОРЬ УТРОБИН ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 «Турнир – ауқымды жарыс. 4 кезеңде өтетін дүбірлі додағы жыл сайын 400 мыңға жуық бала қатысады. Оқушылардың футболға деген қызығушылығы артып келеді. Кейінгі жылдары федерацияға, балалар мен жасөспірімдер мектебіне, түрлі футбол орталықтарына ата-аналар да жиі хабарласуда. Барлығы балаларын футболға беріп, олардың спортпен айналысуын қалайды».

Бір аптаға созылған турнир аясында Жамбыл облысы мен Алматы қаласының командалары үшінші орынды сарапқа салған болатын. Жамбылдық жастар алматылықтарды 2:0 есебімен ұтып, үздік үштікті қорытындылады. Ал ақтық сында Атырау мен Қарағанды облыстарының командалары кездесті. Бас жүлдені сарапқа салған футболшылар ойынды 1:1 есебімен тең аяқтады. Дегенмен, пенальти соққыларынан кейін, 5:4 есебімен қарағандылық команда жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.

ИШ: жеңіс деп шулайды 294-8325 00.05 – 00.18

 АРМАН СӘНДІБЕК ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АТЫРАУ ОБЛЫСЫ)

 «Қарағанды командасы өте қатты ойнайды. Футбол  - менің өмірім. Сол үшін таңдадым. Әкем тартты, «Ойна, ойна!» деп. «Болашақта Месси сияқты ойнағым келеді».

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Кубоктармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» сынды бірқатар аталым бойынша мықтылар анықталып, сыйлықтарға ие болды.

 

ДС, ҚҚ, СЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
09:54, 25 желтоқсан 2017
Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
Толығырақ...
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
14:40, 20 желтоқсан 2017
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
15:11, 30 наурыз 2020
СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
20:04, 26 наурыз 2020
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
Толығырақ...