Семейде тұңғыш рет ММА-ден Қазақстан Кубогы өтуде.

10:17, 15 желтоқсан 2017

Семейде тұңғыш рет  ММА-ден Қазақстан Кубогы өтуде. Жарыс қаламыздағы «Тарлан» спорткешенінде бүгін басталды. Ауқымды турнирге қатысу үшін, қаламызға  еліміздің түкпір-түкпірінен мықты деген спортшылар жиналды. Жарыста облыстық кезеңдерде іріктеуден өткен 18 бен одан ересек 100-ге жуық қатысушы бақ сынайды. Бұл туралы ММА федерациясының республикалық және облыстық өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәсихатында айтылды.  Кубок мәдениет және спорт министрлігі мен қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өтеді. Үш күн бойы спортшылар 5 әйелдер және 9 ерлер салмақ дәрежесі бойынша күш сынайды.Жеңімпаздар ММА бойынша, шеберлік дәрежелеріне ие болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  ақтық сында ең мықты деген спортшылардың сайыстары өтеді. Айта кетерлігі, ММА-ден өтетін Қазақстан Кубогына чемпионат жеңімпаздарынан өзегесі қатыса алады. Бұл басқа да спортшылардың қатысуы үшін жасалған мүмкіндік. 5 жыл ішінде Қазақстан ММА-ден Азияда көшбастап тұр. Сонымен қатар ММА халықаралық федерациясы рейтингінде  үздік деген 3 елдердің қатарында. Бүгінде қазақстандықтар кәсіпқой спортта жетістіктерге жетуде. Өткен республикалық біріншілікте Шығыс Қазақстан облысы жақсы нәтиже көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, Семей қаласы ММА спортын дамытуда болашағынан үміт күтуге болатын өңір. 

Тақырып бойынша материалдар

Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
09:54, 25 желтоқсан 2017
Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
Толығырақ...
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
14:40, 20 желтоқсан 2017
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
15:11, 30 наурыз 2020
СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
20:04, 26 наурыз 2020
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
Толығырақ...