Семейде жастар арасында бокстан қала чемпионаты өтуде.

14:59, 30 қараша 2017

Семейде жастар арасында бокстан қала чемпионаты өтуде. Іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанғандар 11-желтоқсан күні өтетін облыстық біріншілікке қатысады. Ал онда жеңіс тұғырына көтерілгендер республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады. Жаттықтырушылардың айтуынша, қаламызда бокс даму үстінде. Нәтижесінде былғары қолғап шеберлері жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Семейлік спортшылар қатарында Қазақстан, Азия және әлем чемпиондары бар. Қазірде үздік деген боксшылардың негізгі құрамы Көкшетау қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирге қатысуда. Сол себепті, қала чемпионатында 16 мен 17 жастағы 35 спортшы қолғап түйістіруде.  Дегенмен бұл спорттың көпке бірдей болмауының тағы бір өзіндік себебі бар. Өйткені, жастардың 10-15 пайызы ғана алдағы уақытта бокспен кәсіби түрде шұғылдануды жалғастыра алатын көрінеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
09:54, 25 желтоқсан 2017
Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
Толығырақ...
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
14:40, 20 желтоқсан 2017
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
15:11, 30 наурыз 2020
СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
20:04, 26 наурыз 2020
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
Толығырақ...