Семейлік гір тасын көтеруші спортшылар мен кикбоксшылар Әлем чемпионатынан жүлделі оралды.

10:49, 23 қараша 2017

Семейлік гір тасын көтеруші спортшылар мен кикбоксшылар Әлем чемпионатынан жүлделі оралды. Жеңімпаздар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, жарыстан алған әсерлерімен бөлісті.Кикбокстан Әлем чемпионаты қараша айының 3-імен 11-і аралығында Венгрияның Будапешт қаласында ұйымдастырылған. 70 мемлекеттің мың жарымнан астам кикбоксшысы бас қосқан жарыс тартысты өткен. Ел құрамасы Ресей мен Түркия командаларына есе жіберіп, 3 орын иеленді. Қазақстандық құрамада белдескен 33 спортшының 6-уы семейлік. Сайыста жерлестеріміз Саят Тұрысбеков алтыннан алқа тағынса, Арнал Қанапиянов күміс жүлдеге ие болды. Қос спортшы да Қайрат Смағұловта жаттығады. Сондай-ақ таяуда Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында гір тасын көтеруден Әлем чемпионаты өткен болатын. Оған 34 мемлекеттен 480-нен астам спортшы қатысқан. Ел құрамасының сапында өнер көрсеткен семейлік Нұрлан Тұрысбеков гір тасын көтеруден қос сайыста 1-орын алды. Жаттықтырушысы - Рысқали Мұхаметжанов. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
09:54, 25 желтоқсан 2017
Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
Толығырақ...
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
14:40, 20 желтоқсан 2017
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
15:11, 30 наурыз 2020
СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
20:04, 26 наурыз 2020
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
Толығырақ...