Семейлік жеңіл атлетикамен шұғылданатын 5 спортшы жастар мен жасөспірімдер арасында өткен республика чемпионатында жеңімпаз атанды.

14:30, 24 ақпан 2016

Ал 2 спортшы республикалық рекордқа қол жеткізді. Бұл соңғы жылдары Семейдің жеңіл атлетикасында бұрын-соңды болмаған жетістік. Жеңіске жетудің сырымен спортшылар кезекті жаттығуларының бірінде бөлісті.

2016-жыл Семейлік жеңіл атлетикамен айналысушы жастар үшін өте сәтті басталды. Жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел чемпионатына қатысқан 8 спортшының 5-уі жас ерекшеліктеріне орай,бірінші орынды жеңіп алса,3-уі, екінші орынға ие болды. Оған қоса, 2 чемпион республикалық рекордқа қол жеткізді. Жаңа рекордтар Тимур Парыгин мен Евгений Архиповтың Қазақстан құрамасына алынып, Орта Азиядағы жарысқа қатысуларына жол ашты. Сондай-ақ, биылғы жылдың екі чемпионы Серікбек Әділбек пен Иманмәди Құсманов Қазақстан құрамасы сапында Қырғызстан тауларында өтетін 24 күндік жиынға қатысады. Айта кетерлігі, бұл жетістіктерге жастар 3 жыл ішіндегі дайындықтар нәтижесінде қол жеткізген. Бұл ,осыдан екі жыл бұрын жеңіл атлетика алаңының жөнделіп, спортшыларға жағдай жасалғандығының нәтижесі. Дарынды жастар бірден іске кірісіп, көптен күткен медальдармен қоржынымызды толтырды,-дейді жаттықтырушылар. Бұл тек бастамасы ғана деп сендіреді жаттықтырушылар. Қазірде чемпиондар мен жеңімпаздар жазғы маусымға дайындық үстінде. Алда түрлі деңгейдегі жарыстар болғандықтан, дамылдауға уақыт жоқ. Мүмкіндік бар. Бастысы-спортты қаржыландыру алдағы уақытта да жалғасын тапса,-дейді олар. 

Тақырып бойынша материалдар

Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
09:54, 25 желтоқсан 2017
Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
Толығырақ...
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
14:40, 20 желтоқсан 2017
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
15:11, 30 наурыз 2020
СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
20:04, 26 наурыз 2020
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
Толығырақ...