Соңғы 10 жылда семейлік бокс мектебінің тәрбиеленушісі Қазақстан чемпионы атанды.

13:52, 27 маусым 2016

Бұл атаққа Шымкент қаласында маусымның 13-і мен 19-ы аралығында өткен ел чемпионатында жерлесіміз Ілияс Мирхатұлы қол жеткізді. Қазірде ол жоғары деңгейдегі жаңа жарыстарға дайындық үстінде.

Жақында қалалық бокс федерациясы жастар арасында республика чемпионы атанған Ілияс Мирхатұлына құрмет көрсетті. Спортшы Шымкент қаласында өткен ел чемпионатындағы жекпе-жектерде сенімді түрде жеңіске қол жеткізді. Ақтөбелік боксшымен болған ақтық сында табандылылығы мен алға қойған мақсатына талпынысының нәтижесінде басымдылық танытып, 64 келі салмақта бірінші орынға ие болды.

ІЛИЯС МИРХАТҰЛЫ БОКСТАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

Жартылай және ақтық сындағы жекпе-жектер ауыр болды. Ақтық сында бәсекелесім ақтөбелік жігітпен қолғап түйістірдім. Оны бұрыннан танимын. Өзім де сездім әйтеуір бір кездесетінімді. Соған дайындалдым.

Қазақстан чемпионатына Ілиястан өзге қаламыздан тағы 10 спортшы қатысты.

Алтын медальдан өзге былғары қолғап шеберлерінің қоржынында екі қола жүлде бар. Семейлік бокс мектебінің мүмкіндігі зор, келешекте әлем чемпионы болатын болашағынан үміт күттіретін жастар жетерлік. Ол үшін тек қаржы керек,-дейді жаттықтырушы.

АСАН СЕКСЕНБАЕВ  ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Қаржы мәселесі қолбайлау болады. Еріксіз оларды қаладан тысқары шығара алмаймыз. Қазір міне Қазақстан чемпионаты аяқталды. Оның жалғасы ретінде қараша айында Санкт-Петербургте өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Оған бару үшін біздің бірнеше жиындар мен жаттығулардан өтуіміз керек. Ал ол үшін қаржы қажет.

Бүгінде жас чемпион университеттегі оқуы мен жаттықтыруларын қатар алып жүр. Басты мақсаты- әлем чемпионы атанып, халықаралық жарыстарда еліміздің көк байрағын желбірету.

С.С. Е.М. СНС.   

Тақырып бойынша материалдар

Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
09:54, 25 желтоқсан 2017
Семейде дзюдодан облыстық ашық турнир өтті.
Толығырақ...
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
14:40, 20 желтоқсан 2017
ММА-ден Қазақстанның 4-ші кубогы Семейде өтті.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
15:11, 30 наурыз 2020
СЕМЕЙДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
20:04, 26 наурыз 2020
АВТОБУС АЯЛДАМАЛАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА
Толығырақ...