ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қуаныш Смағұлов

15:01, 20 мамыр 2016

«Тәуекелге бел бууға батылы жетпейтін адам... өмірде мақсатына жете алмайды»

Журналист мамандығы сабырлықты, шыдамдылықты, өжеттілікті, шеберлікті, кәсібилікті талап етеді.  Шер ағаңның сөзімен айтсақ  «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналист кәсібінің, қызығы мен  шыжығын осы сөз арқылы көпшілікке ұқтырғандай. Ең алдымен осы мамандықтың суығына төзіп, ыстығына шыдай білетін, өз ісіне адал, «Тар жол тайғақ кешу» сәтінде  азаматтық позициясынан тайқып бермейтін, сөзге берік, халыққа жақын жан болуы керектігін ұмытпаған абзал. Осы саланың асханасында  жүріп ұққаным осы.

Сондай-ақ қолым қалт етіп босай қалса есті  әндерді тыңдағанды, атақты адамдардың өмірі жайлы жазылған кітаптарды оқығанды, денсаулық кепілі саналатын спорт түрінен футбол ойнағанды ұнатамын.

Шындықты айтып, ақиқат ауылынан алыстамау, құлқұныңның емес халықтың құлы болу-мен үшін басты міндет. 

Дауыс беру үшін:   http://vote.kaztrk.kz/regional.php?enter=voice&id=88

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар