
Қалалық мәдениет сарайында дәстүрлі “Тәуелсіздік таңы” қалалық жас ақындар айтысы өтті.
Халықтық ақындар орталығы ұйымдастырған дәстүрлі өнер сайысына орақ тілді, от ауызды 16 ақын қатысты. Өнер бәйгесінің қорытындысы бойынша, жас ақын ... бас жүлдені қанжығаға байлады. Халқымыздың асыл мұрасын насихаттап, жас ақындардың шеберлігін шыңдау. Дәстүрлі “Тәуелсіздік таңы” атты қалалық жыр бәсекесінің мақсаты осы. Халықтық ақындар орталығының бастамасымен биыл 19-рет қолға алынған шараның өтуіне қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдау көрсетті. Өнер сайысында ақындар тәуелсіздікпен қатар, биылғы жылдың айтулы оқиғаларын жырларына арқау етті.
Бердібек УЛЯНОВ