
Мерейтой шеңберінде қаламызда 1-Халықаралық «Түркі мұрасы» дирижерлер фестивалі өтті.
Оған республикамыздың 10 облысы мен Ресей, Қытай, Моңғолия елдерінен танымал дирижерлер шақырылған. Фестиваль аясында қалалық мәдениет сарайында баспасөз мәслихаты өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дирижерлер фестивалі елімізде тұңғыш рет қолға алынып отыр. Қатысушылар танымал композиторлардың туындыларымен қатар, өздерінің авторлық шығармаларын дайындап әкелген. Дирижерлік өнер - елімізде кенже қалған музыка саласының бірі.
Бердібек УЛЯНОВ