ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қала әкімінің орынбасары Надежда Шарованың қатысуымен өткен жиында Семей өңіріндегі мәдени мекемелердің алғашқы тоқсандағы жұмысы қорытындыланды.

08:31, 5 сәуір 2016

Онда ауыл клубтарының мәселелері көтеріліп, еліміздің мәдени даму тұжырымдамасын жүзеге асырудағы жоспарланған істер талқыланды.

Бүгінде өңірімізде 24 мәдениет саласының мекемелері жұмыс істейді. Олардың арасында ауыл клубтары, кітапханалар бар. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 730 шара ұйымдастырылған. Қазір олардың қызметі Ұлт жоспарын түсіндіру мен жалпыхалықтық «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға бағытталған. Қала әкімінің орынбасары Надежда Шарованың атап өткеніндей мемлекеттік мәдени даму тұжырымдамасын есепке ала отырып, мәдениет мекемелерінің жұмысына түзетулер енгізу қажет. Бүгінде мәдени мекемелер идеологиялық орталық болып саналады.  Бұнда тұрғындар демалыстарын өткізіп қана қоймай, маңызды ақпараттар да ала алады. Әсіресе, бұл ауыл тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізулеріне мүмкіндік беретін ауылдық клубтарға қатысты. Бұл тұрғыда ауылдық клуб қызметкерлеріне жерлестерінің демалысын ұйымдастыруда жоғары талап қойылады. Отырыс барысында белгілі болғандай, қалалық клубтар мен кітапханалар қызметтері жүйелі түрде жұмыс жасаса, ауылдағы мәдени мекемелерде бүгінде мәселелер жетерлік. Мысалы, Алғабас ауылдық клубының әлі күнге дейін өз ғимараты болмаса да, тұрғындармен белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл еліміз бірқатар мерейтойларды атап өтеді. Оның ішінде полигонның жабылғанына 25 жыл, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы мен Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы, сондай-ақ жылдың басты оқиғасы тәуелсіздіктің 25 жылдығы бар. Алдағы уақытта мәдени мекемелерді қайта құру жүргізілмек. Ол уақытта әрбір клубтың белсенділігі мен жұмыс нәтижесі ескерілетін болады,- деді қала әкімінің орынбасары.

Тақырып бойынша материалдар

Конституция күні мерекесіне орай, Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда ашық есік күні өтті.
12:55, 31 тамыз 2017
Конституция күні мерекесіне орай, Невзоровтар отбасы атындағ...
Толығырақ...
23-тамыз - қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні.
12:04, 23 тамыз 2017
23-тамыз - қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні...
Толығырақ...
Семейдегі Достоевский мұражайы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы аясындағы 100 нысанның тізіміне енді.
11:39, 22 тамыз 2017
Семейдегі Достоевский мұражайы «Қазақстанның жалпыұлттық кие...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар