
Оған қаламыздағы 9 фотосуретшінің ең үздік деген туындылары қойылып, тұрғындар назарына ұсынылды. Көрме қалалық әкімшіліктің қолдауымен өтті. Шараның мақсаты - фотосуретшілерді таныстырып, шығармашылық қарым-қатынастарын арттыру. Онда негізінен қаламыздың әсем табиғаты мен ғимараттарының фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды. Шара аясында жергілікті жас дарындар өз өнерлерін көрсетті. Олар скрипка,баян, саксофон сынды аспаптарда ойнап, қалалықтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.