
Айта кетерлігі, аталған тізімге еліміздің табиғи ландшафт нысандары, археологиялық және сәулет ескерткіштері, ерекше құрмет тұтатын діни орындар мен тарихи тұлғаларға қатысты ғимараттар енген. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін дәріптейтін мәдени ошақ өңірімізден осы санатқа ілінген 5 орынның бірі.