ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Конституция күні мерекесіне орай, Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда ашық есік күні өтті.

12:55, 31 тамыз 2017

Осыған байланысты қалалықтар мәдени мекемені тегін аралауға мүмкіндік алды. Ата Заң мерекесі қарсаңында 5 мыңнан астам жәдігері бар мұражай қоры жаңа дүниелермен толықты. Бұл туындылар келушілер назарына арнайы дайындалған көрме арқылы ұсынылды. Онда қазақстандық және жергілікті суретшілердің еңбектері мен қолданбалы қолөнер туындылары қойылған. Бұдан өзге мұражайда XX ғасырдың 70-80-ші жылдардағы өмірін бейнелейтін «Біздің ауланың балалары» және бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтитын «Әлеуметтік плакаттар» көрмелері жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік тақырыптағы экпозицияға 400-ден астам туынды ұсынылғанымен, олардың 73-і ғана алынған. Қызметкерлердің айтуынша, былтыр мұражайда Семейде туып, өскен суретші Шакур Абдулғаниевтің «Шебердің оралуы» атты көрмесі ұйымдастырылған. Жерлестерінің үлкен қызығушылығын байқағаннан кейін оның қызы 100-ден астам туындыны мұражайға сыйға тартқан. Сондай-ақ, мәдениет ошағы семейдің тумасы Валерий Книжниковтың жұмыстары мен отандық суретші Мария Лизогубтың құнды натюрмортымен толығып отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

23-тамыз - қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні.
12:04, 23 тамыз 2017
23-тамыз - қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні...
Толығырақ...
Семейдегі Достоевский мұражайы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы аясындағы 100 нысанның тізіміне енді.
11:39, 22 тамыз 2017
Семейдегі Достоевский мұражайы «Қазақстанның жалпыұлттық кие...
Толығырақ...
Қаламыздағы Абай қорық-мұражайы М.Әуезовтың 120 жылдығына орай Қазақстан суретшілерінің симпозиумын өткізді
11:37, 21 тамыз 2017
Қаламыздағы Абай қорық-мұражайы М.Әуезовтың 120 жылдығына ор...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар