
Айтулы күнге орай, қалалық мәдениет сарайында мерекелік шара өтті.
Мұражайдың ашылуына өткен ғасырдың 80-жылдары Федор Пересыпкин бастаған бір топ соғыс ардагерлері ұйытқы болған. Жеңістің 40-жылдығы қарсаңында, яғни 1985-жылы мәдени ошақтың алғашқы келушілерге есік ашуына сол кездегі партиялық ұйымдар, облыстық және аудандық әскери комиссариаттар қолдау көрсеткен көрінеді. Соғыс жылдары майданда от кешкен жауынгерлер есімін ардақтап, жастарға патриоттық тәрбие беруде құрылған мұражайда бүгінде 1400-ден астам экпонант бар.
Дарын САҒИТОВ