ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Семейде «Адасқанның айыбы жоқ» атты қойылымның тұсаукесері болды.

14:30, 24 ақпан 2016

«Айдар-шоу» театрының ұйытқы болуымен дүниеге келген спектакль діни экстремизм мен жат пиғылды ағымдардың қоғамға кері әсері туралы баяндайды. Жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған өнер туындысын сахналауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігі мен қалалық мәдениет сарайы қолдау көрсеткен.

Қойылымның авторы, әрі режиссері жерлесіміз - Болат Хамзин. Кейіпкерлерді кілең жастар сомдайды. Барлығының сахнаға алғаш шығуы. Шағын спектакль қазақ шаңырағында болған оқиғаны баяндайды. Туынды желісі бойынша мектеп бітірген қыз шетелге оқуға аттанады. Уақыт өте сол жақта тұрмысқа шығады. Алайда, қаракөз қандасымыздың таңдаған жары діни теріс ағымның жақтаушысы болып шығады. Араға жылдар салып, ол отбасымен елге оралады. Оқиға соңында кейіпкеріміздің баласы Қазақстанда қалуды ұйғарады. Достық пен береке ұялаған құт мекенді Отаны санап, оның өркендеуіне үлес қосуға бел буады. Спектакльдің жастарға берері мол, әркімге терең ой салады, - дейді ішкі саясат бөлімінің жетекшісі. Спектакльді көрермен жылы қабылдады. Жас та болса актерлер көпшіліктің қошеметіне бөленді. Әр кейіпкердің тағдырына алаңдап, оқиғаның жақсы аяқталуына үміт артып отырдық, - дейді жастар. Дін мұраты – ынтымақ пен бірлік. Көп ұлтты, әрі көп конфессиялы Қазақстанның ұстанымы да елдегі тұрақтылық. Жасөспірімдерді имандылыққа баулып, діни жат ағымдардан сақтауда мұндай шаралардың маңызы қашанда зор болмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Конституция күні мерекесіне орай, Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда ашық есік күні өтті.
12:55, 31 тамыз 2017
Конституция күні мерекесіне орай, Невзоровтар отбасы атындағ...
Толығырақ...
23-тамыз - қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні.
12:04, 23 тамыз 2017
23-тамыз - қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні...
Толығырақ...
Семейдегі Достоевский мұражайы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы аясындағы 100 нысанның тізіміне енді.
11:39, 22 тамыз 2017
Семейдегі Достоевский мұражайы «Қазақстанның жалпыұлттық кие...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар