
Қазақстан студенттерінің альянсы, қалалық ішкі саясат бөлімі мен жастар орталығының ұйтқы болуымен өткен шараға жоғары және орта оқу орындарынан 600 студент қатысты.
«Веналық бал» кейінгі жылдары жастар арасында кеңінен танымал болуда. Биыл 5-рет өткен шараға 300 жұп қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, би жарысы жастарды әдемілік пен әдептілікке тәрбиелеп,оқу орындары арасындағы қарым-қатынасты нығайтады. Сонымен қатар, студенттердің бос уақыттарын тиімді өткізуге ықпал етеді.
Дарын САҒИТОВ