
Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақ хандығының құрылғанына 550 толуына орай, «Замана мәйегі» атты көрме ашылды.
Мәдени шараға тарихшылар, қоғам өкілдері мен жастар қатысты. Көрмеге қойылған жәдігерлердің барлығы мұражай қорынан алынған. Ата-бабаларымыз пайдаланған заттардың барлығы табиғи заттардан. Оны жасау ептілік пен төзіділікті талап етеді, - дейді мұражай директоры Бекен Теміров. Шараның мақсаты - ұлтымыздың мұраларын өскелең ұрпаққа насхаттау. Мұражайға келушілерге халқымыздың салт-дәстүрі жайлы әңгімелеп, бұйымдарды қолдану әдістерімен таныстыру.
Бердібек УЛЯНОВ