
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында елімізде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы басталғандығын мәлімдеді. Жаңа дағдарысқа қарсы бағдарламада Елбасы жеке меншік кәсіпкерлерді қолдай отырып, ішкі экономикалық өсімді арттыруға басымдық берді. Бұл тұрғыда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған «Даму» қорының рөлі ерекше.
«Даму» қоры арқылы жүзеге асырылатын «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы тағы да Елбасы Жолдауынан көрініс тапты. Бұл бүгінгі күрделі экономикалық жағдайда кәсібін ашам деген азаматтарға үлкен қолдау болмақ. Мәселен, бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Ол бойынша, жобаға қатысушылар санын арттыру көзделген. «Даму» қоры арқылы бизнес жоспарын іске асырғысы келетіндердің бірі – Айдар Жанабеков. Бүгінде ол серіктесімен бірлесіп, полигон аймағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға арналған цех салуда. Кәсіпкер бағдарлама арқылы білім алған. Өткен жылы 14 пайыз жылдық көрсеткіш бойынша алған 20 миллион теңге несиесінің 7 пайызын мемлекет төлейді. Кәсіпорынды көктемде іске қосу жоспарланған.
Бердібек УЛЯНОВ