
Семейде 1-қарашадан бастап нан-тоқаш өнімдері қымбаттады.
Тамыз айынан бері теңгенің еркін айналымға шығуы салдарынан әсіресе өзге елдерден жеткізілетін азық-түлік өнімдері қымбаттады. Мұндай жағдайдың отандық өнімдерге «салқындығы» тимес үшін қаламызда бағаға бақылау жүргізетін жұмыс тобы құрылған болатын. Дегенмен, бағаны ұзақ уақыт тұрақтандыру мүмкін болмады. Кәсіпкерлік бөліміндегілердің айтуынша, нарықтық экономикада жағдайды бақылауда ұстап тұру өте күрделі мәселе. Мұндайда өнім бағасының негізсіз қымбаттауын ғана шектеуге болады.
Дарын САҒИТОВ