
Өсімдік шаруашылғымен айналысатын 61 шаруашылық пен 1 серіктестік биыл 11 жарым мың гектар жерді игерген.
Картоп, көкөніс және бақша өнімдерін жинауға кіріскен шаруалар биыл түсім жақсы деп отыр. Бұдан бөлек қожалық басшылары тұқым шаруашылығын дамыту арқылы өнім сапасын арттыруға мән беруде. Биыл өңір бойынша 904 гектар жерге дәнді дақылдар отырғызылса, бүгінгі таңда 120 тонна өнім немесе жалпы дақылдардың 20 пайыздан астамы жиналған. Ауылшаруашылық бөлімі мамандарының келтіргеніндей, бақша өнімдерінің түсімі де жақсы. Шаруалар гектарынан орта есеппен 160 центнерге дейін өнім алуда.
Дарын САҒИТОВ