
Ондай жерлерге сұраныс та артып келеді. Айталық, өңірімізде егістік және суармалы алқаптар бұрнағы жылдармен салыстырғанда 1600 га ұлғайыпты.
Сонымен қатар осы салада тыңнан түрен салып, жаңа технологияларды пайдаланатын фермерлер де көбейіп келеді. Бұл жайында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің журналисттер қауымына арнап өткізген баспасөз -турында айтылды. «Новобоженово» ауылдық округіне қарасты «Толағай» шаруа қожалығының басшысы Жасұлан Рыскелдинов жер шаруашылығымен 2011 жылдан бері айналысады. Биыл, 140 га жерге картоп, 40 га-ға сәбіз отырғызған. Шыққан өнімді күзде қалаға көтерме бағамен өткізеді. Мемлекеттен де көмек жоқ емес. Өніміне субсидия берілсе, жанар –жағар майды жеңілдетілген бағамен сатып алады. Аз жылда өңірді ғана емес, өзге облыстарды да көкөніспен қамтамассыз ете бастаған фермердің алға қойған мақсаты да жетерлік.
Сәруар ҚАБДОЛЛА