
«Жасыл ел» еңбек жасағы қаланы көгалдандыру, абаттандыру бағытында жұмыс атқарады.
2005 жылы Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған жоба өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Еңбек жасағы жыл сайын талай жастың уақытын бос өткізбей, жұмысқа араласуына мүмкіндік беруде. Семейлік белсенді жастар кезекті еңбек маусымына кірісіп те кетті. Биылғы жылы өңіріміз бойынша 2000-ға жуық жасты жұмыспен қамту көзделген.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» - деген қанатты сөзді жастар берік ұстанған. Тәуелсіз елдің ұландары туған өлкені абаттандырып қана қоймай, жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлес қосуда.
Бердібек УЛЯНОВ