
Бұл туралы медицина мамандарын оқыту жобасын талқылауға арналған бас қосуда айтылды. Бағдарлама облыс әкімі Даниял Ахметовтың бастамасымен ағымдағы жылдың қаңтар айында қолға алынған. Мақсаты- медициналық қызмет сапасын арттыру және дәрігерлерді заманауи қондырғылармен жұмыс істеуге үйрету.