
Айта кетерлігі, осыған дейін 10-тамызда жарық көрген тізімдегі талапкерлердің бәрі өз гранттарын сақтап қалды. Еске салар болсақ, аталған тізім жарық көрісімен көптеген ата-аналар оның нәтижесіне наразылық білдерген болатын. Олардың балалары 120 баллдан жоғары жинаса да, оқуға түсе алмай қалған. Бұл ретте ауылдық елді-мекендер мен жеңілдігі бар басқа да санаттағы азаматтарға берілетін квотаны естен шығаруға болмайды. Бұған қоса, жоғары оқу орындары мен түрлі мамандықтар бойынша грант алу баллдары әртүрлі. Дегенмен, аса жоғары балл жинап, мұндай мүмкіндікке ие бола алмай қалған талапкерлерге білім ошақтары тарапынан қосымша грант бөлу қарастырылуда. Сонымен қатар, биыл облыс әкімдерінің гранттарын да бөлуге қол жеткізілді.