
Шара еліміздің тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. Жарыс қорытындысы бойынша, дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы гимназияның «Жас қыран» командасы бірінші орын алса, екінші орынды №26 мектептің «Ержүрек» құрамасы иеленді. Үшінші орын №42 мектептің «Тұлпар» командасының еншісінде.
Семей қаласындағы әскери-спорттық клубтар федерациясы 2013 жылы құрылған. Айта кету керек, бұл спорт түрлерінен жарыстар қалалық жоспарға былтыр енгізілген болатын. Бүгінгі сайысқа Ауған соғысының ардагерлері мен Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері шақырылған. Спорттық бәсеке жастардың әскер алдындағы дайындығын пысықтау мақсатында қолға алынып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Рысгүл МАДВАСОВА