
Бүгін педагогикалық ұжым мен ата-аналар қалалық білім беру бөлімінің БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп жүзеге асырған жобалары аясында, қажетті құралдармен және оқу материалдарымен жабдықталған екі модульді алаңның таныстырылымы өтті.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселесі оң шешімін таба бастады. Қаламызда 2013 жылы №20 мектепте осындай жеткіншектерге арналған инклюзивті оқыту кабинеті ашылған болатын. Оған БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының көмегімен мектеп жиһазы қойылып, демалыс бұрышы жасалып, оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алынған. Баланың тұлға ретінде жан-жақты жетілуі үшін арнайы даму ойындары қарастырылған. Биылғы оқу жылынан бастап «Разные-Равные» жобасының шеңберінде 20-мектепте ерекше назар аударуды қажет ететін жеткіншектер үшін тағы бір кабинет ашылды.
Рысгүл МАДВАСОВА