
Таяуда «Қоршаған ортаны қорғау, мұнай саласы, био-нанотехнология және медицина саласындағы арнайы полимерлер» атты VІ халықаралық семинар шеңберінде тамақ биотехнологиясын дамыту бойынша 3 жаңа зертхана ашылды.
Шәкәрім атындағы университеттің «Стандарттау және биотехнология» кафедрасы бірнеше жылдан бері тамақ өнеркәсібіне арналған заманауи биопрепараттар дайындау бойынша ғылыми жұмыстарды қолға алған. Қазір Рединг университетінің профессоры Виталий Хуторянскийдің қатысуымен біршама табыстарға қол жеткізілген. Қазір зертханада ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Заманауи қондырғылардың арқасында ғалымдар, магистранттар мен студенттер жаңа биопрепараттар түрін жасауға мүмкіндік алды. Ғылыми зерттеулер нәтижесін сүт өңдеу өнеркәсібінде пайдалануға болады.
Рысгүл МАДВАСОВА