
Бұл жүйені қолданған оқушылар кез-келген есепті калькулятордан жылдам шығара алады.
Ғылым әдістемесі – балалардың бойында логика,зейінді шоғырландыру,дәлдік пен шапшандык, өзіне өзі деген сенімділік, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Жастар сарайында аталмыш мектептің салтанатты ашылуы өтті. Оған ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар қатысты.Ментальды арифметика мектебінде оқытылатын «ISMA» әдістемесі балалардың қабілеттерін шыңдайды. Рабиға Орынбекқызы басқаратын Семейдегі мектепте тәжірибелі психолог пен білікті мамандар еңбек етеді. Сабақ үш тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. «ISMA KAZAKHSTAN» ментальды арифметика мектебінің бас директорының айтуынша, әдістеме барлық өңірлерде енгізілген.
Бердібек УЛЯНОВ