
Соңғы жылдары ШҚО-ның аудандарындағы мекемелер жас кадрлар жәрмеңкесін оқу орындарында өткізуді дәстүрге айналдырған.
Бұл жолы студенттерге жұмыс орындарын Тарбағатай ауданының әкімшілігі ұсынды. 45 мың халқы бар Тарбағатай ауданында жыл сайын дәрігер, мұғалім мен ауылшарушылық саласының мамандары сұранысқа ие. Аудан басшылығының ауылдан келіп оқып жатқан студентермен кездесіп, жас кадрлар жәрмеңкесін ұйымдастыруы соңғы жылдары маман тапшылығын жоюға мүмкіндік беріп отыр.
Рысгүл МАДВАСОВА