
Биыл 10-рет ұйымдастырылған шараға әлемнің 20-дан астам елінен қонақтар шақырылған.
Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық технологиялар паркінде өтіп жатқан жиынға Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі, Ядролық физика институты мен Қазақстан ядролық қоғамының өкілдері қатысуда. Конференция бағдарламасына сәйкес пленарлық, селекциялық отырыстар, баспасөз мәслихаты, дөңгелек үстел ұйымдастырыламақ. 10- халықаралық конференцияны өткізуге Курчатов қаласы таңдалып алынған. Себебі еліміздегі атом саласын дамытуға арналған ғылыми институттар осында орналасқан. Жиынға әлемнің 25 елінен, Қазақстандағы атом ғылымының дамуына қызығушылық танытқан белді ғалымдар келді. Конференцияға қатысушылар елімізде салынады деп жоспарланған атом электр стансасының заманауи жобасын жүзеге асыру бойынша ойларын ортаға салды.
Бердібек УЛЯНОВ