
Соның ішінде Семей өңірі бойынша індетті 400-ден астам мал жұқтырған.
Ауру белгілері Алғабас, Новобаженово және Озерки ауылдық окруктеріндегі малдардан анықталып отыр. Жалпы облыс бойынша бруцеллезді анықтау үшін 547 мың бас ірі қара тексерілген. Нәтижесінде, қауіпті инфекциялық індет белгілері 5 152 малдан анықталған. Соның ішінде 402 бас өңіріміздің 3 ауылдық окрігінен шыққан. Дәлірек айтқанда, оның 248-і ірі қара мал болса, 154-і ұсақ мал. Биыл барлық ветеринарлық алдын- алу шараларына жергілікті бюджеттен 72 млн. теңге қаржы бөлінген.
Дарын САҒИТОВ