
Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, созылмалы аурулармен сырқаттанатын науқастарға жедел медициналық жәрдем бригадасы емес, енді емханалардың дәрігерлері көмек көрсететін болады. Алайда, емханалар жанындағы жедел жәрдем қызметі әзірге дайын емес. Сондықтан, жедел медициналық жәрдем станциясы бұрынғыдай жұмыс істеуде.