ШҰҒЫЛ! Әлеумет көтерген әлеуметтік мәселелер Толығырақ

«30 жыл 30 есім» Ұлттық жүлдесінің үміткерлеріне дауыс беру басталды

13:33, 24 қараша 2021

«30 жыл 30 есім» Ұлттық жүлдесінің үміткерлеріне дауыс беру басталды «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай осы жылдар ішінде ел дамуына орасан зор үлес қосқан қазақстандықтар арасында «30 жыл 30 есім» ұлттық байқауын жариялайды. Телевизиялық жүлде соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталады. Әр аталым бойынша 5 үміткер сарапшылардан құралған арнайы комиссия шешіммен іріктеліп, дауыс беруге шығарылды. Телерадиокорпорацияның ресми сайтындағы жалпыхалықтық дауыс беру 30 қарашаға дейін жалғасады. Байқау: - Медицина және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін; - Қоғамдық белсенділігі үшін; - Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін; - Кино саласына қосқан үлесі үшін; - Спорт саласындағы жетістіктері үшін; - Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін; - Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін; - Ауыл шаруашылығы және агроөндіріс саласына қосқан үлесі үшін; - Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі үшін; - «Әдебиет» аталымдары бойынша өтеді. Ұлттық жүлдеге үміткерлер арасында қоғам қайраткері Асылы Осман, медицина ғылымдарының докторы, академик Серік Ақшолақов, әнші Димаш Құдайберген, кино режиссері Ақан Сатаев, кәсіпқой боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам, білім беру ісінің үздігі Аягүл Миразова, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бар. Дауыс саны арқылы қазақстандықтардың кең қолдауына ие болған жеңімпаздар 16 желтоқсан – Тәуелсіздік қарсаңында өтетін арнайы кеште марапатталады. Үміткерлерге дауыс беру https://vote.kaztrk.kz/

Тақырып бойынша материалдар

Семейде аяқ киімдер жәрмеңкесі өтуде
12:17, 8 желтоқсан 2021
Семейде аяқ киімдер жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...
Сенат және мәжіліс депутаттары Семейдегі білім ордаларында болды
12:16, 8 желтоқсан 2021
Сенат және мәжіліс депутаттары Семейдегі білім ордаларында б...
Толығырақ...
Жармалықтар спортшыларға құрмет көрсетті
14:52, 7 желтоқсан 2021
Жармалықтар спортшыларға құрмет көрсетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жерлестеріміз парадзюдодан Азия чемпионы атанды
16:09, 6 желтоқсан 2021
Жерлестеріміз парадзюдодан Азия чемпионы атанды
Толығырақ...
Жарма ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара
17:44, 3 желтоқсан 2021
Жарма ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты...
Толығырақ...